jasqazaq.kz

Мұғалімдерді сенбілікке шығуға мәжбүрлегендер жазаға тартылуы мүмкін

26 ақпан 2019, 12:28

Қазақстанда мұғалімдерді сенбіліктер мен қоғамдық жұмыстарға тартуға құмар шолақ белсенділер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда. Мұндай идея «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бұдан бұрын мұғалімдер жалақы көлемін кем дегенде 300 мың теңгеге дейін өсіруді сұраған болатын. Сонымен қатар, еңбек демалысы кезінде екі қызметтік жалақы көлеміндегі жәрдемақы беруді сұраған. Бұл нормалар заңның бірінші жобасында жазылған еді. Алайда мемлекеттік органдар мақұлдаса келе ондай нормалардың көпшілігін алып тастады. Соған қарамастан мұғалімдер әлі де ең алдымен жалақыны көтеру керек деген талап қойып отыр.

«Егер мұғалімдер негізгі міндеттерінен тыс жұмыстарға жегілсе, лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасалады, одан кейін 10 АЕК көлемінде, 25250 теңгеге әкімшілік айыппұл салынады. Міндеттерінен тыс жұмыстар дегеніміз «сенбіліктер», үйлерді аралау», – деді ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева.

Есеп бойынша, қазақстандық жоғары оқу орындары жыл сайын 36 мыңнан астам педагог дайындайды. Соның өзінде жыл сайын мамандар тапшылығы байқалуда. Мұның себептерінің бірі – педагогтер өз мамандығын тастап кетеді.

Ең бастысы – мұғалімнің айлығы тым төмен. Сосын жұмыстың жүктемесі ауыр. Мұғалімдердің 66 пайызы жалақының төмен екеніне шағымданады», – деп атап өтті «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Ырсалиев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда