jasqazaq.kz

Мұғалімдерді аттестациядан өткіземіз деп ақша алғандар сотталды

12 сәуiр 2022, 21:31

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдерді аттестациядан өткіземіз деп ақша алып келген 4 мемлекеттік қызметкер сотталды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Өскемен қалалық №2 сотында ШҚО Білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы, аталған ведомствоның персоналды басқару қызметінің басшысы, аудандық білім бөлімінің басшысы және бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алдын ала сөз байласқан олар қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, мұғалімдерге аттестациядан өтуге және тиісті біліктілік санатын алуға жәрдемдесеміз деп жалпы сомасы 2 930 000 теңге пайда көрген. Бір ұстаздан 150-200 мың теңге мөлшерінде ақша алып отырды.

Мұғалімдер ақшаны сотталушылардың таныстары мен туыстарының банктегі шотына жіберген. Сот барысында экс-мемлекеттік қызметкерлер өз кінәларын мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

«Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, 3 айыпталушыға 13 млн 300 мың, 6 млн және 4 млн 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салды. Ал үш жылға бас бостандығынан айырылған төртінші сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар болғандықтан үкімнің орындалуы бес жылға шегерілді. Сондай-ақ олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде