jasqazaq.kz

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейді

16 наурыз 2020, 20:41

Коронавирусқа байланысты мектеп мұғалімдері каникул кезінде үйде жұмыс істей алады. Оларға жалақылары толық төленеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметін 16 наурыздан бастап тоқтаттық. Бұған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және тағы да басқа білім беру ұйымдары жатады. Балалар бұл ұйымдарға бүгін барған жоқ. Елімізде дамыту орталықтары сияқты жеке меншік ұйымдар бар. Ол жеке меншік болғандықтан біздің құзыреттілігімізде емес дегенмен ата-аналарға дамыту орталықтарына балаларды апармай, сәл күте тұруға кеңес береміз», — дейді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

Ол оқушылар қанша уақыт демалатыны туралы айтты.

«16 наурыздан 5 сәуірге дейін оқушылар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Осындай уақытта мұғалімдер мектепте болып, сабаққа дайындық жұмыстарын, әдістемелік жұмыстарын жүргізетін. Қазіргі жағдайға байланысты біз тиісті шешім қабылдап, оны барлық директорларға жібердік. Шешімге сәйкес, мектеп мұғалімдері дайындық жұмыстарын үйлерінде отырып жүргізулеріне болады және жалақылары толық төленеді», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия