jasqazaq.kz

Мұғалімдер тестілеу кезінде «шпаргалка» қолданды

10 маусым 2020, 11:59

Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар аттестатация тапсырды. Тестілеуді «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бақылады.

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің өкілдері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ошақтарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттау процесіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг кезінде бірқатар кемшілік анықталды. Педагогтар санының көптігін ескере отырып, ғимаратқа кірер алдында дезинфекциялық туннель орнатылмаған, осылайша қолайсыз санитарлық жағдай туындады.

«Тестілеу аудиторияларында антисептикалық құралдар қондырылмаған. Сонымен бірге медициналық пункт және медициналық қызметкер жоқ. Ұялы байланыс өшіргіші жұмыс істемеді. Педагогтардың көпшілігі маскасыз отырды. Сарапшылар үш заңсыздықты анықтады. Біреуі тест кезінде ұялы телефон қолданбақ болды. Ал екі педагог «шпаргалка» пайдаланды. Үшеуі де тестілеу орталығынан шығарылды», — деп хабарлады жобалық кеңсенің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық