jasqazaq.kz

Мұғалімдер бірқатар жеңілдіктен қағылды

19 қыркүйек 2019, 15:16

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында ұстаздарды зейнетке ерте жіберу, жеңілдетілген ипотека беру ұсыныстары қарастырылмаған. Бұл туралы бүгін мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында белгілі болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу барысында қоғам тарапынан мұғалімдерді еңбек өтіліне қарап, зейнетке ерте шығару туралы ұсыныс түскен еді. Алайда, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл ұсыныс қолдау таппаған.

«Зейнетақы шотында белгілі бір жинағы бар азаматтар үшін зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын білесіздер. Ал мұғалімдерге қатысты айтар болсам, біреулері 20 жылдан кейін, енді бірі 35 жылдан кейін зейнетке шығару керек дейді. Бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Қазіргі заң жобасында мұндай норма қарастырылмаған», — деді ол.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, бюджет мүмкіндігін ескере отырып, бірқатар ұсыныс мүдделі мемлекеттік органдарда келісімнен өтпей қалған. Зейнетке ерте шығу, екі еселенген көлемде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, педагогтарға арналған жеңілдетілген ипотека, доцент және профессор атақтары үшін қосымша ақы, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге жоғары стипендия төлеу секілді ұсыныстар солардың қатарында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда