jasqazaq.kz

Мұғалім өз орнына басқа адамды кіргізбек болған

16 маусым 2020, 12:35

Шымкенттік мұғалім Ұлттық біліктілік тестіне өз орнына басқа адамды кіргізбек болған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты.
«Бүгінге дейін 25 108 өтініш түскен болатын. Оның ішінде тестілеуден 12 549 педагог өтті, 50 пайызға жақын. Орташа балл — 61. Өкінішке орай пандемияға байланысты Алматы облысында тестілеуді әлі бастаған жоқпыз. Ал Шығыс Қазақстан облысында тестілеу 15 маусымда басталды», — деді Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматта өткен аппарат жиналысында. Осы ретте ол мұғалімдер арасында тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері әр облыста тіркеліп жатқанын айтты. «Сонымен бірге өз орнына басқа адамдарды алып келген мұғалімдер де кездесті. Қазір 6 фактіге байланысты құқық қорғау органдарына өтініш бердік. Тіргеу жұмыстары басталды. Мұнан бөлек, мұғалімдер өз орындарына басқа адамды жалған жеке құжаттар жасау арқылы да кіргізуге тырысуда. Бұл іс бойынша да қосымша құқық қорғау органдарына хабар бердік. Шымкентте осындай жағдай тіркелген», — деді орталық басшысы. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Жалған жеке куәлік жасау фактісі дәлелденді ме?», — деп сұрады. «Бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарына жүгіндік, дәлелденді. Музафпар Елемесов деген мұғалім тест тапсыруға жазылған еді. Бірақ, өз орнына басқа адамды алып келген. Ол картонды ламинаттап құжат жасап алған», — деді ол.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі