
Мектепте болған жағдай көпшілікке ұнамаған. Ресейдің Хабаровск қаласында жас мұғалім оқушылардың алдында жартылай жалаңаш күйде шығыс биін билеген.
Life таратқан ақпаратқа қарағанда, бұған қоғам өре түрегеліп наразылық көрсеткен. Білім ошағы бұл жайында тіс жармауды ұйғарыпты. Ал қала әкімшілігіндегілер тексеру жүргізетінін мәлімдеді.
Мұғалімнің биі әлеуметтік желіде таралып, оны көрген көпшілік ұстаздың әрекетін құптамапты. «Бұл стриптиз емей немене?», «Мәдениеттен жұрдай болдық», «Бұл қыз билейтін жерді шатастырып алған» деп сын айтып жатыр. Енді біреулер: «Әкелері ақша жинаған шығар», «Мен мектепте оқыған кезде неге бұлай болмаған?» деп қылжаққа басқан.