jasqazaq.kz

Мұғалім мені үнемі кемсітеді, тас кедей деп атайды (видео)

09 қазан 2019, 12:59


Әлеуметтік желілерде таралған видеода өзбек оқушысы мұғалімнің қалай ұрғанын жылап отырып айтып берген.
Бұл оқиға бір апта бұрын Әндіжан облысы Асакин ауданындағы 30-мектепте болған. Видеода бала жылап отырып, шалбарын тіккен. Кадрдан тыс дауыс одан неге жылағанын сұраған. Бала мектепте сыныптасымен ұрсып қалғанын, соны көріп қойған мұғалім ұрғанын айтқан. «Мұғалім мені екі мәрте шапалақпен салып қалды», — дейді оқушы. Видеода баланың кедей отбасыдан екені байқалады. Ол мектепке баратын жалғыз шалбары сыныптаспен төбелес кезінде жыртылып қалғанын айтқан. Бұған қоса ол оқушыға қол көтерген мұғалімнен балағат сөз естігенін баяндаған. «Мұғалім мені үнемі кемсітеді, тас кедей деп атайды. Ол неге өйтеді? Мен география сабағына барғым келмейді», — деп жылады бала. Ол Асакин ауданындағы орта мектепте жетінші сыныпта оқитыны белгілі болды. Асауин ауданындағы дереккөз мәліметі бойынша, мектеп басшылығы мұғалімнің оқушыны ұрғанын жасыруға тырысқан. «Мектеп басшылығы баланы видеоға түсірген адамды тауып алып, видеоны интернеттен алып тастауын талап еткен, қысым көрсеткен», — деді ол.

КТК

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда