jasqazaq.kz

Мұғалім көлікпен жасөспірімді қағып кетті

14 мамыр 2019, 14:48

Көкшетау қаласы түбіндегі Красный Яр ауылында колледж мұғалімі көлікпен жасөспірімді қағып кетті. Белгілі болғандай, педагог бұрын да жол жүру ережесін бұзған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Мазда» көлігінің жүргізушісі көшемен келе жатып, Нұрлы көш ауылына қарай бет алады. Ол жол шетінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», — деп мәлімет берді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Пинчук.

Жаяу жүргінші – жасөспірім, Төтенше жағдайлар комитеті колледжінің студенті. Ол Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Жүргізуші — Красный Яр ауылындағы колледждің оқытушысы. Мас болған. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деді Пинчук.

Айта кетсек, бұл мұғалім осындай жайтқа бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2018 жылы екі рет жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде