jasqazaq.kz

Мұғалім 13 жастағы оқушыны жарты жыл бойы спортзалда зорлаған

13 наурыз 2019, 11:26

Саха Республикасының Якутск қаласы шетіндегі мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды спортзалда зорлаған.

Бұл туралы Саха Республикасы бойынша Тергеу комитеті басқармасының сайтында хабарланды.

Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың мамырына дейін азғын ұстаз 29 рет спортзалда, көлігінде және пәтерінде қылмыс жасаған. Дәлірек айтқанда, жасөспірім қызды 15 рет зорлап, 14 рет сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетіпті.

Оқушының ата-анасы бұл сұмдық жайында қызының телефон арқылы мұғаліммен хат-хабар алмасуынан білген. Педагог бірден ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, мектептегі жұмысынан шығарылды. Оқушы қызға психологиялық жәрдем беріліп, оңалту шаралары тағайындалған.

Мұғалім кінәсін мойындамағанымен, тергеушілер тиісті шаралар арқылы оның қылмысқа қатысы барын дәлелдеді. Мектеп басшылығы да дисциплиналық жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі: Sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда