jasqazaq.kz

Мұғалім 1-сынып оқушыларының маңдайына «дәптер» деп жазған

21 қазан 2021, 13:19

Көкшетауда №13 «Экос» мектебінде 27 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім бірінші сынып оқушыларын жәбірлеген. Ол он екі 1-сынып оқушысының маңдайына «дәптер» деп жазған. Аталған оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

№13 «Экос» мектеп директорының айтуынша, аталған оқиғадан кейін мұғалім бірден жұмыстан босатылған. Құжаттары рәсімделіп жатыр. Жайсыз оқиға дүйсенбі күні 1-сыныптағы алтыншы сабақ кезінде болған.

Мектеп әкімшілігі қазіргі уақытта балаларға жаңа мұғалім сабақ беріп жатқанын, қажет болған жағдайда психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Дегенмен мектепте ата-аналар арасында мұғалімге кешірім беріп, жұмыстан босатпауды өтінгендер де табылған. Ал ата-аналардың келесі тобы педагогты аталған оқиға туралы оның жеке іс қағазына енгізе отырып жұмыстан шығаруды талап етіп отыр. Өзге өңірден келген мұғалімнің 27 жылдық жұмыс өтілі және бір ұл өсіргені белгілі болды.

«Аталған факт бойынша Көкшетау қаласы білім бөлімінің және білім басқармасының қызметкерлерінен құралған комиссия қызметтік тексеріс жүргізу үшін жіберілді. Білім басқармасының басшысы қалалық білім бөлімінің басшысын, №13 «Экос» мектебінің директоры және директорының орынбасарын шақыртып жедел жиналыс өткізді. Қазіргі уақытта мұғалім еңбек кодексінің 52 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес жұмыстан босатылды. Сыныпта оқу процесі жалғасып жатыр. Оқушыларға психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен жиналыс өткізілді», – дейді Ақмола облысы білім басқармасынан.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр