jasqazaq.kz

Мьянманың сұлулық ханшайымы рохинджа мұсылмандары туралы видеодан кейін тәжінен айырылды

05 қазан 2017, 11:28

Мьянманың 19 жастағы сұлулық ханшайымы Шви Ян Си рохинджа мұсылмандары туралы видео жариялағаннан кейін тәжінен айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Бойжеткен өзі түсірген бейнероликте рохинджа мұсылмандарын террор мен зорлық-зомбылықты жақтаушылар деп айыптаған. Оның ойынша, Мьянма мұсылмандары қаналып-езілген кейіп танытады, ал шын мәнісінде нағыз жасақшылар. Сондықтан биліктің оларға қарсы әрекетін түсінуге болады.

Видео жарияланғаннан кейін, сұлулық байқауын ұйымдастыратын Hello Madam Media Group компаниясы Шви Ян Сиді тәжінен айырды. Ханшайым тәжінен айырылуға өзінің азаматтық позициясы себеп болғанын айтып отыр. Алайда компания директоры мұндай шешімнің видео пайда болмай тұрып қабылданғанына сендіруде.

«Осы елдің азаматы ретінде, халқым туралы шындықты айту үшін танымалдылығымды пайдалануға міндеттімін», — дейді Шви Ян Си.

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде