jasqazaq.kz

Мотоцикл жүргізушілеріне 11 млн теңге айыппұл салынды

18 тамыз 2020, 19:18

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған мотоцикл жүргізушілеріне 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

«Көпшілікті толғандыратын мәселелердің бірі — азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзатын түнгі жарыс. Осыған қарай, Алматы қаласында 1 тамыздан бастап қала жолдарында мотоцикл мен жарыс ұйымдастыратын көлік жүргізушілерін анықтау бойынша жедел алдын алу шаралары жүргізілуде», — дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, жүргізушілер мотоциклдер мен көліктердің дауысын ұлғайту үшін қозғалтқыштарына рұқсат етілмеген құрылғыларды пайдаланады.

«Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 405 мотоциклист және 320 автокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды. 54 мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Салынған айппұл сомасы 11 млн теңгеден асады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деп қортындылады департамент басшысы.

ҚазАқпарат

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық