jasqazaq.kz

Мотошабандоздар жабайы қабан аулап жүр (видео)

18 сәуiр 2021, 16:51

Мотоциклымен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген жамбылдық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың желтоқсан айының 29 жұлдызында Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен құм өңірінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында өзінің басқаруындағы “Урал” мотоциклымен жабайы аңдарды заңсыз аулап жүрген, Мойынқұм ауданының тұрғыны күдікпен ұсталды.

https://youtu.be/QaUddqZElyg

Күдіктінің жүргізуіндегі “Урал” мотоцикілін қарау барысында оның арбасында атылған жабайы қабан, тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық және өзінен суық қаруға жататын пышақ алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігі – (Қаруды заңсыз алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілді. Тергеп-тексеру ісі бойынша барлық қажетті сот-сараптамалары жүргізіліп, дәлелдемелер жиналып, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот талқылауының қорытындысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, бір жыл алты айға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылып, екі жыл мерзімге аң аулаумен айналысу құқығынан айырылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді