jasqazaq.kz

Моншада тұрып жатқан отбасы баспаналы болды

14 ақпан 2019, 14:23

Алматы облысында танымал меценат моншада тұрып жатқан көпбалалы отбасыға жаңа салынған үй сыйлады. 

Жас көпбалалы отбасы Қуаныш пен Мақпал Жанболатовтар Ұйғыр ауданының тумасы, екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Кенже ұлы Мирас үш айлық. Отағасы Қуаныш — балалар үйінің тәрбиеленушісі, сондай-ақ жарақат алған соң, оның бір көзі көрмей қалған. Бірақ, қиындықтарға қарамастан, ол үйіне жақын орналасқан базарда әр түрлі жұмыс істейді. Отбасы ескі моншада тұрып келген, оны тұрғын үй ретінде жасақтаған. Ылғал салдарынан балалар жиі ауырып, үй жылымайтын болған. Осы баспана үшін олар ай сайын 17 мың теңге төлеп келген. Моншада тұратын отбасы жайлы Facebook желісіндегі Online Qazaqstan тобында видео жарияланды. «Отбасының қайғы-қасіреті туралы әлеуметтік желі арқылы білдік, — дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел. — Таңертең облыс әкімі мессенджер арқылы келген бейнероликті көрген. Алайда видео арқылы осы отбасының дәл қайда тұратыны анық емес еді. Нәтижесінде біз оларды Талғар ауданының Гүлдала кентінен таптық және сағат 16:00-де олардың үйінің ауласында болдық».

Алматы облысының әкімі осы отбасыға барды. «Біз қонақтарды күтпедік, біреу есікті қақты. Мен есікті ашқанымда онда Амандық Баталов тұр. Ол басқа адамдармен бірге үйге кірді. Балаларымен амандасып, үлкен балаларды қолынан алып, бізге өзімен бірге жүруін сұрады», — дейді Қуаныш Жанболатов.

Көлік Тұрар Рысқұлов кентіне отбасын апарып, оларды танымал меценат әрі кәсіпкер Асқар Сүлейменов қарсы алды. «Мен сіздердің жағдайларыңызды білгенде кәсіпкерлерді көмек көрсетуге шақырдым. Асқар Фазылұлы қол ұшын берді, енді міне бұл жаңа үй сіздердікі. Бақытты болыңыздар», — деді облыс әкімі. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Отбасымен бірнеше сағат бұрын ескі моншада тұрған Қуаныш өзінің таңырқап қалғанын жасырмады. Ал балалар алдымен қонаққа келдік деп ойлаған. Бірақ кейін өзара бөлмелерді бөле бастады. «Біз бюджет қаражатынан бастап меценаттарға жүгінгенге дейін қолдаудың түрлі нысандарын пайдалана отырып, осындай отбасыларға көмектесуге тырысамыз. Мысалы, бұл күні Жанболатовтар отбасынан басқа, Қарасай ауданында көп балалы Қасымовтар отбасына да қолдау көрсетілді. Бұл отбасы ақауы бар пешпен лашықта тұрды. Қазір олар уақытша тұру үшін басқа үйге көшірілді. Оларға үй салу үшін учаске бөлінді. Сонымен қатар, отбасының ересек мүшелері жұмыссыздық бойынша есепке алынды. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін басқа да құжаттар ресімделеді. Бақытты баспана иегерлеріне келер болсақ, Қуаныш осы ауылдық округте жұмыс тауып, оған мүгедектікті рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Меценат Асқар Сүлейменов Қуанышқа өзіне сай келетін жұмыс тауып беруге уәде берді», — деп қорытындылады әкімнің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда