jasqazaq.kz

Монша мен жезөкшеге карантин жоқ па? (видео)

05 сәуiр 2020, 22:08

#үйдеотыр

Алматыда карантин уақытында жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлері тапқан сауна ТЖ режимінің талабына қарамастан қызметін жалғастырған. “Саунаға қызметкерлеріміз кіріп барғанда ине шаншар орын болмаған, адам лық толы. Монша жұмысшылары – әкімші, қызмет көрсету қызметкерлері, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар да жұмысын тоқтатпаған. Екі жүргізуші жалданып жұмыс істеген, міндеті — жезөкшелерді тасу болыпты. Күніне олар 10 мың теңгеден алып отырған. Моншаға жасалған рейд үстінде клиенттер үшін жеңіл жүрісті 5 ару жеткізілді. Барлығы санитарлық нормалардың ережесін сақтамай, кабинкаларда уақыт өткізді. Сол жерде болғандардың ешқайсысы қалада карантин болып жатқаны туралы естімегендей сыңай танытты”, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков. 1990 жылы туған А. есімді мекеме әкімшісі әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беру) және 476-бап (төтенше жағдай ережелерін бұзу).

https://youtu.be/1m0ZHak5ltM

“Монша ішінен шыққан басқа адамдарға төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін айып тағылды. Олардың ішінде жеңіл жүрісті 5 әйел, екі көлік жүргізуші және үш клиент бар. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай да жалғасады. Біз қолға түскен ақпараттың әрқайсысын ұдайы тексеріп отырамыз”, – дейді Б.Әбілбеков.

Polisia.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді