jasqazaq.kz

Моңғолиялық қазақ келіншек қасқырмен арпалысып, күйеуін аман алып қалды

24 қантар 2020, 18:11

Моңғолияда келіншек қазақтар тұратын қыстаққа шабуыл жасаған қасқырды өлтіріп, жұбайы мен отарын аман алып қалған.Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Аталмыш оқиғамен Instagram әлеуметтік желісінде журналист Ерқанат Көпжасар бөліскен.

«Кеше түнде Моңғолиядағы қазақтар мекендейтін қыстақтардың біріне қасқыр шауыпты. Үй иесі иттер неге үріп жатыр деп, қораға барса анау жатқан көкжал бас салған. Жігіт ағасы аш қасқырмен жарты сағаттай жағаласыпты.

Келіншегі күйеуін іздеп далаға шықса, қасқырдың үстінде жатқан отағасын көрген. Әйелі сасқанынан өзінің басты қаруы үйіндегі оқтауды алып шығып, көкжалдың басынан ұрып-ұрып жіберген ғой. Ағаш оқтау екіге бөлініп кеткен.

Жаны сірі хайуан қыңқ етпепті. Ақыры ашынған әйел бөріні балталап өлтіріпті. Әйелі отағасы мен отбасын, отарын да аман алып қалды. Мықты ерлердің артында аса мықты әйелдер тұрады деген осы енді. Үй иесі қолы жарақаттанып ауруханада ем алып жатыр», — деп жазған журналист.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық