jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекованың елден жасырған күйеуі жайлы ақпарат желіде тарап кетті

15 ақпан 2021, 11:15

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова тағы да халықтың қызу талқысына қалды. Желіде өнер иесінің елден жасырған күйеуі жайлы мәліметтер тарап кеткен.

Instagram желісіндегі парақшаларда Мөлдір Әуелбекованың жолдасы болуы мүмкін ер азаматтың суреті тарап, желіні шулатты. Қалың көпшілік бірден қызу талқыға кірісіп, оған қатысты білетін ақпараттарын бөлісе бастады. Qaz.stars парақшасындағы мәліметке сәйкес, өнер иесінің көптен жасырып жүрген жолдасы — «Теңге ілу» федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев. Желі қолданушыларының мұндай болжамдарына Әуелбекованың өзі жариялаған фотосы мен онда қалдырған жазбасы себеп болған. Әнші Instagram парақшасында әріптесі Мұхтар Ханзадамен түскен суретін жариялап, оның анықтамасына жолдасының суретін қай жерден көруге болатынын жазып қойған.

«Менің қожайыным — Қуанышымды Ишан қайнымның парақшасынан көріп аларсыздар» , — деп жазып кеткен өнер иесі.

Кейіннен әнші Мұхтар Ханзада Instagram желісінде расымен Қуаныш атты ағасымен түскен фотосын жариялаған болып шықты. Ол тіпті ағасына өлең жолдарын да арнаған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Muhtar Hanzada🔹 (@muhtar_hanzada)

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Қуаныш Құрашев 1984 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Заң академиясын, Экономика және құқык академиясын, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Юриспруденция магистрі, заң ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «СловКазстрой» ЖШС бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жеке секторда да еңбек тәжірибесі мол.

Айта кету керек, Мөлдір Әуелбекова әлі де жолдасының суретін жариялап, желіде оған қатысты тарап жатқан мәліметтерді растаған жоқ.

Дереккөзі: NUR.KZ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық