jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды

29 сәуiр 2019, 11:47

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды, ​деп Мәденит және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды», делінген хабарламада. Бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің» эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. ​ ​ «Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. ​ ​Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды», делінген хабарламада. ​ ​

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде