jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова: Тағы ғашық болуым мүмкін

08 шiлде 2022, 12:12

Екі некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова тағы ғашық болуы мүмкін екенін жасырмай айтты. Ол бұрынғы күйеулеріне реніші жоқ екенін жәгн балаларының әкелерімен араласуына қарсы еместігін жеткізді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлым, қызым үшеуміз өте бақытты отбасымыз. Тағы ғашық болуым мүмкін. Бәрі мүмкін. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Оны мен жорамалдап «жоқ» немесе «иә» деп айта алмаймын. Бұйырғанын көреміз. Әркімнің өзінің о бастан жазылған тағдыры бар», — деді Әуелбекова.

Ал балаларыңыз әкелерімен араласа ма деген сауалға әнші жауап бермеді. Мұның «ұзақ тақырып» екенін атап өтті. Алайда бастысы, өзі тыйым салмайтынын ескертті.

«Әкелерімен араласуына тыйым салмаймын. Мен өмірімде болып жатқан жалпы жағдайларды қабылдап үйрендім. Ол проблемаға айналмас үшін оны қабылдайсың, өкпе-ренішті қалдырасың. Қасымда ұлым, қызым бар. Негативті, өкпе-ренішті, ашу-ызаны арқама жүк қылып сүйреп жүргім келмейді. Ешкімге ренішім жоқ. Бұйырғанын көрдім», — дейді Әуелбекова.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр