jasqazaq.kz

Мөлдір Әуелбекова ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

16 тамыз 2019, 18:04

Мөлдір Әуелбекова сырымен бөлісті. Әнші желідегі парақшасына орамал тағып, ұзын етек көйлек киген суретін жариялап, қанша жылдан бері ешкімге айтпай, жасырып келген құпиясын ортаға салды. Намазға жығылып, дін жолына түскенін айтқан Мөлдір Әуелбекова осылайша бес парыздың бірін орындағанын байқатты.

«Я, Раббым! Бір өзіңе сыйынамыз! Бір өзіңнен сұраймыз! Бір өзіңе мұқтажбыз! Бір өзіңе тәуелдіміз! Бір өзің қайырлысын білуші де, беруші де! Бір өзіңе тапсырдым! Неше жылдан бері жасырып келеген құпиям ашылды! Намаз! Оқыңыздар! Маған айту парыз! Жұма қабыл болсын! Алла тілеулеріңізді берсін! Бақыт құшағында болыңыздар! Жақсы көремін!» — дейді Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесінің намаз оқып отырған суретін көрген желідегілер, бұл жеке нәрсе екенін айтып әншіні сынап тастаған. Не болса, соған мақтанасың деп сөкті жұрт. Намаз оқығаныңды айтуға болмайды деді енді бірі.

«Оң қолың істеген жақсылықты сол қолың білмесін. Сіз купалникпен халықтың алдына шығасыз, жайнамазда Алламен жүздесесіз. Сіздің намаз оқитыныңызды бір Алла білсін, ешкімге көрсетуге дəлелдеуге міндеті емессіз», «Не тірлік енді осы. Дәретханадағы, душтағы суреттеріңді де салсаңшы», «Мен түсінбеймін. Менің намаз оқып отырғанымды түсір деп айта ма?», — десті жұрт.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда