jasqazaq.kz

Моладан гүл ұрлағандар 5 жылға сотталуы мүмкін

02 тамыз 2018, 15:26

Солтүстік Қаақстан облысында моладан азагүл ұрлаудың бірнеше фактісі тіркелді. Шығын көлемі – 37 мың теңге. Мұндай қылмыс үшін күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Baq.kz жазғандай, Петропавл қаласының Жұмысшы кентіндегі ескі моладан туысының бейітінен азагүлдердің жоғалғанын байқаған тұрғындардың бірі «102» телефон нөміріне хабарласқан. Оқиға орнынан жиналған айғақтар бойынша криминалистер күдіктілердің мекен-жайын анықтаған. Қолды болған азагүлдер сол жерден табылды. Анықталғанындай, күдікті азагүлдер жасап, оны сатуды кәсіпке айналдырған.
«Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Бұл баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Қазіргі уақытта ұқсас қылмыстардың жасалуын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысында басқа да азагүлдердің ұрланған, не ұрланбағаны анықталмақ. Тәртіп сақшылары куәгерлер мен зардап шегушілерді ішкі істер органдарына 38-03-14 немесе 102 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды», — деді Петропавл қаласы ІІБ Екінші полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Иван Терзиди.
Осыған ұқсас қылмыс Шал ақын ауданында да тіркелді. Аудан орталығы Сергеев қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, анасының бейітінен металл қоршау жоғалғаны туралы айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «ұрлық жасады» деген күдікпен аудан орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.
«Мен темір қоршауды металл қабылдайтын жерге тапсырдым. Қылмысыма өкінемін, ақша керек болған соң, осындай қадамға бардым», — деп ақталмақ болды күдікті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді