jasqazaq.kz

Мойынқұмда өртті 4 күннен бері сөндіре алмай жатыр

22 шiлде 2020, 12:11

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағында құмды жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанып жатыр.

Өрт сөндірушілер осымен төртінші күн тілсіз жаумен арпалысуда. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Өртті сөндіруге ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымынан 233 адам және 50 техника, «Қазавиаорманкүзеті» РМК МИ-2 тікұшағы жұмылдырылды. 21 шілде түндегі жағдай бойынша өрттің аумағы 34 мың гектарға жетті. Елді мекендерге қауіп жоқ. Барлық күш-құралдар қарауылдау жұмысын жүргізуде. Өрт орнында екпіні секундына 10 метрге жететін жел соғып тұр, ауа температурасы — +36 градус.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі