jasqazaq.kz

Мойынқұмда атыс болды

28 тамыз 2020, 13:46

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр», — деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.

«Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды», — деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.

Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты