jasqazaq.kz

Модель өзін айыптаған Аршавиннің әйеліне жауап берді

12 қантар 2018, 12:06

Қазақстандық модель Ольга Семенова Алматыдағы элиталық мейрамханада танымал футболшы Андрей Аршавинмен бірге болуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Mk.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Бойжеткен Аршавиннің әйелі көрсеткен қоқан-лоққы бойынша прокуратураға жүгінетінін мәлімдеді.

Ольга Алиса Казьминаны жалған сөйлеп, ар-намысына кір келтіргені үшін қылмыстық жазаға тартуға болатынын ескертуде.

Бойжеткен 2017 жылдың қазанында Аршавинмен мейрамханада кездескенін және желіде тарап кеткен видео сол жерде түсірілгенін айтуда.

Модельдің айтуынша, футболшы оған қасына отыруды ұсынып, өзі құшақтай бастаған. Ольга бұл жайтты видеоға түсіріп алуды ұсынады.

Мейрамханадан кейін Аршавин бастаған футболшылар мен тағы бір модель түнгі клубқа баруды шешеді. Ольга оларды жеткізіп салып, өзі үйіне кетіп қалғанын алға тартты.

Сол кештен кейін футболшыны көрген емеспін деген ару видеоның желіге қалай тарап кеткеніне де бейхабар болып шықты.

Бұл жайттан кейін модельдің ұялы телефонына Алисадан хабарлама келген. Ол Алисаның қоқан-лоққы көрсеткенін айтуда.

«Оның әрекеттерінен сескенемін. Не істемек ниетте екенінен бейхабармын. Түсініңіздер, мен фотомодельмін, өз келбетіммен ақша табамын. Егер менің келбетіме нұқсан келетін болса, мансабым құрдымға кетеді», — дейді ол.

Модель екі жыл бойы ешкіммен көңіл жарастырмаған екен.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды