jasqazaq.kz

Мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

03 желтоқсан 2021, 21:10

2025 жылға дейін қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы дерек салық органдарына берілмейді. Ал елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Осылайша қарапайым халықты толғандырған жобаның жай-жапсарын Мемлекеттік кірістер комитеті тәптіштеп түсіндіріп берді.

Демек бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. Себебі: ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады.

Парламент сайтында жарияланған заң жобасына келсек, жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді беру жалпыға бірдей декларацияны енгізуге сай келеді және бұл 2025 жылдан басталады. Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені олар 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған.

Әлібек Әбділов, Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы:

— Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат – негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр