jasqazaq.kz

«Mission to Mars» симфониясының әлемдік тұсаукесері өтті

01 қазан 2021, 21:27

23 және 24 қыркүйек күндері алматылықтар мен қала қонақтары айрықша музыка мерекесінің куәгері болды. Әйтсе де, егер қойылымды тағы бірнеше күнге создыру мүмкін болса, карантин талаптары сақтала отырып, соның өзінде әлі де зал толы аншлаг болары сөзсіз еді.

Тұсаукесерге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, танымал тұлғалар мен шетелдік қонақтар қатысты.

Бұл музыкалық миссияда барлығы: дыбыс, жарық және тіпті көрерменге қарап тұрған дирижер де ерекше болды.

Ғарыш симфониясы БАӘ-нің Аль-Амаль (Үміт) алғашқы араб зондын Қызыл ғаламшардың орбитасына ұшырғанына 50 жыл толуына, араб елі басқарған пилотсыз ғаламшараралық спуитниктердің алғашқы ғылыми ұшырылуына арналды. Бұл оқиға шығарманың авторларына және дирижер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевке айрықша шабыт сыйлады.

— Біз тұсаукесерді Дубайда өткіземіз деп жоспарлағанбыз, бірақ ол осында, Алматыда өтті. Бұл үлкен іс. Біз Марсты осы бір ғажайып планетаның спутниктер арқылы түсірілген суреттерінен тамашалаймыз. Барлығы жоғары қарқынмен дамып жатыр, мен көп ұзамай осы шығармамызды Марстың өзінде де орындаймыз деп ойлаймын, — деді адамзаттың ғарышты игеру жолындағы жетістігіне тәнті болған Маэстро.

«Mission to Mars» Симфония халықаралық мәдени жобасы Колтон Лестер (АҚШ-Ұлыбритания), Хана Бухрис (Тунис), Ибрагим Аль Джунаиби (БАӘ) және Кайзад Пател (Үндістан) секілді заманауи жас композиторлардың интернационал құрамы арқылы өмірге келді.

Филормонияның үлкен залының сахнасында мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен бірге Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласы да өнер көрсетті.

Жобаға БАӘ Абу-Даби Мәдени қорының қолдауымен Da Coda Musiqaa бастамашылық етті, ол жақта Марат Бисенғалиевтің есімі мен шығармашылығы кеңінен таныс әрі үлкен танымалдылыққа ие.

Гүлмира Абдухаликова мен Ким Селбер негізін қалаған Da Coda Musiqqa шығармашылық білім мен ынтымақтастыққа ықпал ететін пәнаралық, мәдениетаралық жобаларды дайындап және іске асыра отырып, тұтас БАӘ бойынша жас суретшілер мен музыканттардың басын қосып, шабыт сыйлайтын коммерциялық емес бастама болып саналады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия