jasqazaq.kz

Мирзияев Өзбекстанда президент сайлауын кейінге қалдырды

09 ақпан 2021, 14:57

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев президент сайлауын желтоқсаннан қазанға ауыстыратын заңнамадағы өзгерістерге қол қойды. Заң мәтіні «Народное слово» газетінің сайтында жарияланды.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 117-бабының екінші бөлігіндегі «желтоқсан» сөзі «қазан» сөзіне ауыстырылсын», — делінген заң мәтінінде. Құжат БАҚ-та жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Өзбекстан президентінің сайлауы желтоқсанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісінен қазанның үшінші онкүндігінің бірінші жексенбісіне ауыстырылды (биыл бұл күн 24 қазанға түседі). Сондай-ақ, заң шығару палатасы мен облыс, аудан, қалаларда өкілетті мемлекеттік билік органдарының сайлауы осы мерзімге ауысты.

Қаңтардың соңында Өзбекстан Парламентінің заң шығарушы палатасы сайлауды кейінге қалдыру туралы заңға түзетулерді қабылдады. Палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, енгізілетін өзгерістер алдағы маңызды мемлекеттік шешімдерді кешіктірмеуге мүмкіндік береді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде