jasqazaq.kz

Мирзияев Өзбекстанда әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунікті жазалады

04 қараша 2021, 12:29

«Узкомназорат» басшысы Голибшер Зияев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша, республикадағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталғаннан бірнеше сағат өткен соң, «қате және келісілмеген әрекеті үшін» қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Газета.uz басылымына сілтеме жасап.

Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді «біржақты және ойластырылмаған» деп атады.

«Жақын арада барлық әлеуметтік желіге қолжетімділік қалпына келтіріледі деп ойлаймын», — деді Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Басылым мәліметінше, Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция («Узкомназорат») тізілімінде Telegram, Facebook, Одноклассники, YouTube және басқа сайттарға кіруді шектеу туралы белгілер жойылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде