jasqazaq.kz

Министрлік желіде тараған видеоға түсінік берді

29 шiлде 2020, 12:07

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Шымкент тұрғынының көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жатыр деген сөзіне түсініктеме берді.

Шымкенттік тұрғын дезинфекция жасап жатқан әскерилер көшені қарапайым сумен тазалап жатқанын айтып, айыптаған. Видео 28 шілде әлеуметтік желілерде пайда болған.

«Бұл кәдімгі су ғой. Халық сендерге сенеді ғой, көшелерді дезинфекциялық ерітіндімен тазалап жатыр деп ойлайды. Ал сіздер оған тағы жанармай құртып, қарапайым су шашып жүрсіңдер. Бұған дейін көшені тазалаған кезде иіс шығып тұратын, ал мынау кәдімгі су. Қолыма құйшы, қолымды, бетімді, көзімді жудым — бұл иісі жоқ кәдімгі су. Керек блса суды іше аламын», — дейді видеодағы келіншек.

Ол алғашында дезинфекция жүргізіп жатқандарға рақметін айтып, есік алдын тазалатып алуды сұрайын дегенін айтады. Қызметкерлер келіншекке сұйықтықты әкімдік бергенін айтқан.

Қорғаныс министрлігі видеоға түсініктеме берді.

«Негізі бұл әкімдік бөлімшелері беретін, көшені дезинфекциялау үшін қолданылатын арнайы ерітінді. Сондықтан видеодағы мәліметтер шындыққа жанаспайды», — деді министрлік өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта дезинфекциялық препараттармен әкімдіктердің санитарлық өңдеу бөлімшелері қамтамасыз етеді.

«Олардың бірнеше атауы бар, бірақ бәрінің құрамында хлор мен басқа да тотықтырғыш заттар бар. Қолданыстағы препараттар бактерия, вирустардың көзін жояды. Медицина мен шаруашылықта олар қауіпті инфекцияларды жою үшін қолданылады. Кейбір қала бөлімшелері қолдануға дайын ерітінді алады, ал басқаларында – жергілікті жерлерде дайындалған концентрацияланған препарат, қолдану және дайындау жөніндегі нұсқаулық қатаң сақталады, әр партияға ерітінді дайындаудың комиссиялық актісі жасалады. Егер нысандарды ашық ауада өңдеу үшін бір препараттар қолданылса, үй-жайлардың ішінде осы мақсаттарға арналған басқа препарат пайдаланылады», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Қорғаныс министрлігі «қолданылған ерітінділер адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян тигізбейтінін» айтты.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде