
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бекшиннің сөзінше, ел ауруханаларында қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдары жеткілікті. «Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз — 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады», — деді Бекшин. Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған. «Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз, сондай-ақ сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар», — деді елдің бас санитар дәрігері.