jasqazaq.kz

Министрлік медициналық сақтандыруға қатысты фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды

13 қантар 2020, 18:02

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елімізде күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Whats App мессенджері арқылы денсаулық сақтауға қатысты жаңа кодекстің қабылданғаны туралы хабар тарап жүр. Аудиофайлмен таратылған ақпаратта міндетті түрде келісімге отыру керектігі айтылады. Бұл жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Аудиофайлды тыңдасаңыз, әңгіме Ресей Федерациясы және медициналық сақтандыруға қатысты федералды заңнама туралы айтылып отырғанын ұғасыз. Біздің заңнамаға оның түк қатысы жоқ», — деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Комитет басшысы мессенджерлер арқылы тараған бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды. «Бұл хабарламаларды таратқан адамдарды жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінеміз», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде