jasqazaq.kz

Министрлік Қытай танкілерінің елімізде қайдан жүргенін түсіндірді (видео)

14 тамыз 2018, 10:26

Қорғаныс министрлігі қытайлық танкілер тиелген пойыздың Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik.

Әлеуметтік желіде бүгін еліміздің аумағымен өтіп бара жатқан Қытайдың әскери техникасы тиелген пойыз түсірілген видео тарады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері Қазақстан аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонына ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің «Бейбіт миссия» бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына бара жатқан.

https://www.facebook.com/erkin.azat.56/videos/249489635893009/

«Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді», — деп хабарлады министрлік.

«Бейбіт миссия» оқу-жаттығуына ШЫҰ мемлекеттері — Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Оқу-жаттығу кезінде лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумағын басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған.

Қазақстан Қарулы күштерінің эшелондарын 18 тамызда оқу-жаттығу өтетін жерге жіберу жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде