jasqazaq.kz

Министрлік Қазақстан өңірлеріндегі бензин жетіспеушілігіне қатысты түсінік берді

22 қыркүйек 2017, 16:50

ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев журналистердің жанармай жетіспеушілігіне қатысты сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-министрге солтүстік және шығыс өңірлердегі жанармай құю бекеттерінде неліктен АИ-92 бензині жоқ екені туралы сұрақ қойылды. «Расында да, еліміздің бірнеше өңірінде жанармай тапшылығы байқалып отыр. Біз бұл жайлы білеміз. Бірақ мұны бензин жетіспеушілігі деп айтуға болмайды. Ресей Федерациясынан бензин келіп жатыр. Ресейдегі әріптестерімізбен жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан да жанармай жетіспеушілігіне қатысты қандай да проблемалар туындайды деп ойламаймыз», — деді энергетика вице-министрі үкіметте өткен баспасөз-конференциясы барысында.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде