jasqazaq.kz

Министрлік  Арыстағы оқ-дәрі туралы видеоға түсінік берді

02 шiлде 2019, 14:12


ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы оқ-дәрі сынықтары бойынша жарияланған видеоға түсінік берді.

ҚазАқпарат  жазғандай, «1 шілдеде әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде Арыс қаласында тазарту барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектері бойынша видео таралды. Аталған фрагменттердің жарылыс қаупі жоқ және арнайы күзетілетін аумақта орналасқан. Бұл жер осыған дейін әскери өнімдер фрагменттерін утилизациялау үшін пайдаланылып келді. Сондықтан утилизациялау бекетіндегі оқ-дәрі сынықтары қауіп тудырмайды. Видео түсірілімі режімдік нысанда жүргізілгенін және қауіпсіздік режімін қамтамасыз ету саласындағы құжаттың талаптары бұзылғанын ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеруді бастады», — делінген ведомство хабарламасында. Еске сала кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігі Түркістан облысы Арыс қаласында жарылу қаупі жоқ қару-жарақ бөлшектерін жою бойынша жұмыстарды бастады. «Құрметті Арыс қаласының тұрғындары! Жою кезінде жергілікті тұрғындарға қауіп келтірмейтін қатты дауыстар шығуы мүмкін. Қорғаныс ведомствосы дүрбелеңге түспеуді сұрайды. Жою кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталады», — деп ескертті ҚР Қорғаныс министрлігінен.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда