jasqazaq.kz

Министрлік: Әлеуметтік нанның бағасын қымбаттатуға еш негіз жоқ

11 сәуiр 2022, 14:37

Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасы тұрақты және оны қымбаттатуға еш негіз жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік нан бағасы үнемі реттеледі және бақылауда болады, бұл нанның бағасы аймақтарда тұрақты. Оның бағасы да өзгермейді, қымбаттатуға еш негіз жоқ», — деді А.Сұлтанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, кейбір жекелеген өңірлерде кәсіпорындарда шикізат тапшылығы туындаса немесе астық бағасы күрт қымбаттаса, астық құнын субсидиялау бағдарламасы қосылады. Астық «Азық-түлік корпорациясы» ресурстарынан жіберілетін болады.

«Өңірлердегі нан бағасы оны қазіргі бағамен өндіруге мүмкіндік беретіндей етіп бекітіледі. Ондағы айырмашылық мемлекет тарапынан субсидияланады. Яғни, қазіргі уақытта әлеуметтік нан бағасын арттыруға еш алғышарт жоқ. Басқа нан өнімдеріне келсек, олардың бағасы шикізат құнына байланысты өзгереді», — деп толықтырды А. Сұлтанов.

Бұған дейін Астық өңдеушілер одағы елімізде бір жарым аптаға ғана жетерлік бидай қоры қалғанын мәлімдеген еді. Астық өсірушілер мен өңдеушілер бидайды бөлісе алмай дау туғаны, бидай таусылса барлық диірмендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені айтылған.

Өз кезегінде Айдарбек Сапаров елде ешқандай астық тапшылығы жоқ екенін хабарлады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна астық болған.

Ішкі нарықта тапшылық тудырмау үшін және ұн тартатын кәсіпорындарға жүктемені азайту мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 15 сәуір мен 15 маусым аралығында бидай мен ұн экспортын квоталау шешімін қабылдады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр