jasqazaq.kz

Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

27 қараша 2019, 16:02

Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

«Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтінішхат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады», — деді Нұрышев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

«Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс», — деп атап көрсетті Нұрышев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда