
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бойынша шешім қабылданғанын, ол сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Автонесиеге келетін болсақ, бүгін отырыста шешім қабылданды. Бұрын айтқанымдай, осы айдың аяғында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі», — деді Өскенбаев.