jasqazaq.kz

Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысты қосымша тапсырма берді

18 мамыр 2022, 16:10

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан хабарлады.

«Достар, өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қалыптасқан ахуал жайлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы хабардар. Туындаған мәселеге жан-жақты сараптама жасалып отыр. Министр Қайырбек Өскенбаев жауапты тұлғалар мен мекемелерге аталмыш жағдайға байланысты түсініктеме беруді және қабылданған шаралар мен шешімдерді жариялауды тапсырды» , — деді Жанжігіт Омархан.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ өз тарапынан бағдарламаның ережесі мен оның іске асуы туралы қажетті базалық мәліметті даярлағанын атап өтті. Бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру құқығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» мен автокөлік өндірушілер, ритейлер мен екінші деңгейлі банктерге берілген.

Аталған ұйымдар бекітілген бағдарламаның ережесіне сәйкес жұмыс істейді.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр