jasqazaq.kz

Министр жәрдемақыны қайтаруға қатысты мәселенің нүктесін қойды

20 сәуiр 2020, 10:49

#үйдеотыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 42 500 теңге 3 миллион 960 мың адамға тағайындалған. Бюджеттен 157 миллиард теңге бөлініпті.

Осы орайда министр бұл төлемді алған азаматтар қылмыстық жауапқа тартылмайтынын жеткізді.

«Жауапкершілікке тоқталайын. Соңғы 4-5 күн бойы әлеуметтік желіде қоғамда «42500 теңге алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылады» деген әңгіме тарады. Оған не себеп болғанын біз анықтадық. 5 сәуірде орыс тілінде Данияр Нұрланұлы және Руслан Қожахмет есімді заңгерлер Қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша жауапқа тартылатынын талқылап, 42 500 теңге көлеміндегі төлемге байланыстырған мақала болған. Бұл азаматтар мақалада министр Нұрымбетовтің «жаппай тексеріп жатпаймыз» деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәліметтерді беруі мүмкін дегенді де жазған», — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Біржан Нұрымбетов бұл мәселеге нүкте қойды.

«Құрметті қазақстандықтар, бірде-бір адам 42 500 теңгені алғаны және жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Тағы да айтамын. 42 500 теңгені алғаны және қателескені үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Ешкім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды», — деді ол.

Министр әлеуметтік төлем алғандар неге тексерілмейтінін түсіндірді.

«Неге біз тексермейміз? Бұл — әлеуметтік төлем. Егер елімізде төтенше жағдай болмаған жағдайдың өзінде еліміздегі халықтың табысы аз. Жалақының мөлшері төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан «көпшілік осы төлемді алсам ба?» деген. Сондықтан мен өткен брифингтерде айтқамын, біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз», — деді Нұрымбетов.

Министр айтуынша, тұрақты жұмысы бар, тұрақты жалақысы бола тұра 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған адамдардың әрекеті заңды бұзу болып саналады.

«Ал енді жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса, бұл заңбұзушылыққа әкеп соғады. Ол — дұрыс емес. Бұл жерде де ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленіп жатыр, сондықтан мемлекеттік сақтандыру қоры 42 500 теңгеден басқа мүгедек жандарға, асыраушысынан айырылған жанұяларға, жұмысынан айырылғандарға, баланы бір жасқа дейін күтіміне байланысты төлемдер, декреттік демалыс дейміз, 126 күнге, жүкті болуына және кейін босанғаннан кейін төлемдерді төлеп келе жатыр. Сондықтан сол қаражатқа жауапты болған соң ол кісілер де, әрине, бұйрық жоқ. Ақысыз демалысқа жіберілмегендерге сұрау жасайды да қайтаруды талап етеді кейін. Тағы да қайталап айтамын, тек жалдамалы қызметкерлер, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Олар заңсыз алған», — деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі