jasqazaq.kz

Министр: жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс

19 наурыз 2019, 12:27

Кәсіпорындағы жалақы жыл сайын инфляция деңгейінде көбейіп отыруы қажет. Бұл туралы бүгін еңбек қатынастарын реттеу мәселесі қаралған Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Келесі мәселе — жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын реттеу. Ол реттеу қазір ұжымдық келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан бойынша қазіргі таңда 40 мыңға жуық еңбек шартына қол қойылған. Кей кәсіпорындардың, мекемелердің жұмысшыларды келісімшартсыз жұмысқа алуына көңіл бөлу керек болып тұр. Біздің мәлімет бойынша, қазір олардың саны бір мыңға жуық. Біз енді олармен Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс істеуіміз керек», — деді ол. Сонымен қатар, министр ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көбейту мәселесі де қаперде екенін айтты. «Қазіргі таңда 184 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Ендігі міндет — әкімшіліктермен, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірігіп, осы жұмысты жалғастыру. Жалақы жыл сайын кем дегенде инфляция деңгейінде өсіп отыруы тиіс. Жаппай қысқартуға жол бермеуіміз керек», — деді Б.Сапарбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде