jasqazaq.kz

Министр Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балаларға қалай төленетінін түсіндірді

06 қыркүйек 2022, 13:52

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балалардың есепшотына жылына бір рет түсетінін және олар доллармен сақталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жыл сайын есептеу жүргізіледі. Өткен жылдың инвестициялық кірісі алынып, шоттар арасында бөлінеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға 2023 жылдың табысынан қаражат есептелетіні белгілі болды» — деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, инфляциядан қорғану үшін қаражат доллармен есептеледі.

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың сөзіне түсініктеме берген министр әр балаға берілетін соманы да нақтылады.

«Үш мың доллар — бұл шамамен алынған сома. Менің түсінуімше, сіз Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған сандарды айтып отырсыз. Бұл әлі де қосымша есептеледі, бірақ бұл балаларға арналған екенін есте ұстаған жөн», — деп түсіндірді Қуантиров.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық