jasqazaq.kz

Министр: Таяуда көрші елдерге бензин экспорттай бастаймыз

02 қазан 2018, 18:01

Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстары 3 жылда бір рет өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін Бүкіләлемдік мұнай кеңесі отырысында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті төмендетуге ұмтыла отырып, біз Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырттық. Жаңғырту нәтижесінде жергілікті нарықты отандық жанармаймен 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкіншілігіне қол жеткіздік. Зауыттарымыз К-4 және К-5 экологиялық стандарттарына сай келетін жанар-жағармай өндіретін болады. Енді мегаполистер мен өңірлердің экологиясына жүктеме азаяды», — деді Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, мұнай өндіру мен мұнай өнімдері өндірісі өсімінің арқасында еліміздің ішкі нарығында жанар-жағармайдың артылып қалу жағдайы алғаш рет болып отыр. Алдағы уақытта көрші елдермен қажетті келісімшарттар жасалғаннан кейін артық бензин экспортқа шығарылатын болады. «Таяу уақытта цифрландыру аясында Атырау мен Шымкент мұнай өндіру зауыттарында техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жөніндегі жоба енгізілетін болады. Бұл жүйе профилактикалық қарау және жөндеу жұмыстарын басқаруға, сонымен қатар МӨЗ-дерді пайдаланудың кемінде 3 жылдық жөндеуаралық кезеңіне көшуге мүмкіндік береді», -деді ол. Министрдің атап өтуінше, аталған жобаның арқасында жабдықтардың сенімділігі 8-10 пайызға артып, жөндеу жұмыстарына кететін шығындар 10 пайызға төмендейді. Бұған қоса, күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтатылудың болмауына байланысты орташа есеппен жылына қосымша 300 мың тонна мұнай өңделетін болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде