jasqazaq.kz

Министр полицейлерді коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар санатына қосуды сұрады

09 қыркүйек 2020, 11:57

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев вакцинаны тегін алуы үшін полиция қызметкерлерін коронавирус жұқтыру қаупі жоғары адамдар тобына қосуды сұрады. Бұл туралы  Stan.kz  хабарлайды. 

«Қазақстанда COVID-19-қа қарсы вакцинаның қажеттілігін қанағаттандыру үшін біз қазірдің өзінде вакцинацияға жататын қауіп тобын анықтадық, олар 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Республикада вакцинаны ектіруі керек адамдардың саны 2,8 миллионды құрайды, бұл жалпы халықтың 15 пайызы. Вакцинаның екі рет салынуы керек екенін есерсек, 5,58 миллион доза қажет болады», — деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.

Ол денсаулық сақтау министрлігі ресейлік Sputnik V вакцинасын, англиялық-шведтік AstraZeneca компаниясының вакцинасын, қазақстандық вакцинаны және басқаларын сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрінің баяндамасына қатысты ішкі істер мнистрі Ерлан Тұрғымбаев Цойға өтініш айтты.

«Қосымша полиция қызметкерлерін қосуға бола ма? Олар да коронавирус жұқтыру қаупі жоғарғы қызметкерлер қатарына жатады. Дәрігерлер секілді, полицейлер де үнемі қызмет басында, олар қашықтан жұмыс жасап жатқан жоқ. Үнемі медициналық мекемелермен тікелей жұмыс жасады», — деп сұрады Тұрғымбаев Цойдан.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық