jasqazaq.kz

Министр парацетамол орнына 33 түрлі дәрі ішуге болатынын айтты

02 шiлде 2020, 16:03

Кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама парацетамол таратылған. Тұрғындар бұл препаратты жарты сағаттың ішінде түгел сатып алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Кеше Нұр-Сұлтанда 70 мың пациентке жететін 70 мың қаптама (парацетамол — авт.) бөлшек сатылымдағы дәріханаларға жеткізілді. Тұрғындар жарты сағатта бұл препараттарды сатып алды. Қазір интернетте бұл препараттарды үстіне ақша қосып сатылып жатыр. Құзыретті органдар мұндай фактілерді тексереді. Қалада парацетамол керек дейтіндей осыншама пациент жоқ. Сондықтан бұл препараттарды алыпсатарлар әдейі бірден сатып алады да, дефицитті қолдан жасайды. Я болмаса адамдар дене қызуы көтерілмесе де, қажеттілік болмаса да, осы дәріні көптеп сатып алып қояды», — деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ министр парацетамол деген атауға «қатып қалмай», оның орнына құрамында парацетамолы бар 33-ке тарта дәріні алуға болатынын атап өтті. Бұл препараттар да дене қызуын түсіре алады.

«Бізде құрамында парацетамолы бар 33-ке жуық дәрілік препарат бар. Нарықта, яғни дәріханаларда бұл препараттар сатылып жатыр. Тұрғындар әлеуметтік желілерден «парацетамол» дегенді көріп алып, соны сұрайды. Ал негізінде оның орнына ішуге басқа дәрілер де бар», — деп министр.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)