jasqazaq.kz

Министр: Үндістандық жұмысшылар елден шығарылуы мүмкін

05 қыркүйек 2017, 15:34

Үндістандық 40 азамат еліміздің аумағынан шығарылуы мүмкін. Мұндай шешімді сот қабылдауы тиіс. Бұл туралы Ішкі істер министрі мәлімдеді.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, «Әбу Даби Плаза» кешеніндегі жанжалға айыптылардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар. Кикілжіңге қатысы бар 56 адам полиция учаскесіне жеткізілген. Құқық қорғаушылар көпшілігімен әңгімелесіп, сосын үйлеріне жіберген. Қалмұханбет Қасымовтың мәліметінше, сол жағалаудағы жанжалға Үндістан азаматтарының қауіпсіздік ережелерін бұзуы түрткі болған.

Шетел азаматтары тәртіпке бағынбай, арнайы құрылғы арқылы өтуден бас тартқан. Жанжалдан күзет қызметкері зардап шеккен. Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі: – Жанжал шамамен 19:33 минутта басталған. Күзетшілер бұл туралы полицияға 20:05-те хабарлаған.

Көшеде тағы екі Үндістан азаматын ұрып-соққанын білдік. Бұл шамамен 20:10 мен 20:20 аралығында. Оларды ғимаратттың ішінен тауып алдық. Сосын ауруханаға жеткізілді. Кейін сол маңайға адамдар жинала бастады. Олар тезірек мән-жайды анықтауды сұрады. Оларды бірден жауапкершілікке тартуға болар еді. Бірақ біз олардың ісін прокуратураға тапсырдық.

Тұрғындардың бұлайша шоғырланбауын өтінген сайын олардың қатары көбейе берді. Сондықтан 56 адамды полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келді. Өрескел тәртіп бұзған 8 адамға қатысты хаттама толтырылып, сотқа жолданды. 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде