jasqazaq.kz

Министр мүдіріп қалды (видео)

01 наурыз 2018, 14:59


Ыңғайсыздау болды. Министр нақты сұраққа нақты жауап бере алмады. Таратып айтсақ, бүгін әдеттегідей Палата отырысы жүріп жатқан. Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бар қазақшасын сарқа пайдаланып ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты.

Сол сәтте сенатор М.Құл-Мұхаммед тақырыпқа орай бір сұрақты маңдайдан сарт еткізді. Министр есеңгіреп қалды ма, болмаса дайындығы кемшін болды ма, мандытып жауап бере алмады. Десе де, әйтеуір ойдан-қырдан құрап бірдеңе айтып тығырықтан шығып кетпек болып еді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болды ма?» деп сұрады. «Болды» деді министр. Төраға көңілі толмағанын сөз райынан байқатып, тағы бір мүмкіндік берді де: «Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ нақты болды. Осы мәселеге байланысты нақты жауап беріңізші» деді. Министр тағы біраз «шапты». Бірақ тағы да «мимо». Одан әрі тыңдауда мән қалмағанын түсінген Сенат Төрағасы министрдің сөзін кілт қиды да «Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз» деді. (Төмендегі видеоны қараңыз).

Мұны барлық БАҚ өкілдері естіді, онлайн қарап отырған барша жұрт көрді. Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар.

Әділбек Қаба facebook парақшасынан

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды