jasqazaq.kz

Министр Марғұлан Сейсембаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

01 ақпан 2019, 14:53

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың қоғамдық қызметін тоқтату туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Алматыда өтіп жатқан форум кулуарында Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісіне Сейсембаевтың стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөзін соңғы болып жатқан жағдайлармен байланыстырудың қажеті жоқтығын айтты. «Альянс банк ісі бойынша мәліметтерден хабарым жоқ, өзім де фейсбуктегі жазбадан білдім. Бірақ мен екі нәрсені айта кеткім келеді. Бұл жағдайдың стратегиялық бастамалар форумында сөйлеген сөздеріне еш қатысы жоғына сенімдімін. Менің ойымша, оның форумда айтқандары өткір болса да, ол жарқын шықты және заңға қарсы келетіндей ештеңе жоқ. Екіншіден, барлығы да оң шешіліп, Марғұлан Қалиұлы қоғамдық қызметіне оралады деген сенімдемін. Мұндай адамдар және мұндай бастамалар біздің қоғамға қажет», — деді министр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде