jasqazaq.kz

Министр: Көпбалалы аналарға арнайы квота бөлінеді

19 қыркүйек 2019, 16:19

Білім және ғылым министрлігі көпбалалы аналар үшін білім алуға квота бөлуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы бүгін ведомство басшысы мәлімдеді.

Министрлік халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында көпбалалы, толық емес, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған аналар үшін білім грантын беру бойынша квота бөлуді көздеп отыр.

«Көпбалалы аналар үшін арнайы квота болады деп жоспарлап отырмыз. Егер олар жоғары білім алу үшін оқуға түскісі келсе, оларға квота бөлуіміз керек. Қазір масылдыққа жол бермеу, жұмысқа тарту жайлы көп айтып жүрміз ғой. Осы тұрғыдан алғанда, бұл маңызды іс-шара деп ойлаймыз», — деді Аймағамбетов мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.

Айтуынша, квота бөлу кезінде конкурстық іріктеу қағидаты сақталады. Бұдан бөлек, министр бала құқықтарын қорғау тетіктеріне де тоқталды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық форумда бала асырап алуға қатысты берген тапсырмасын еске салды.

«Біздің ұсынысымыз агенттіктер жайлы. Енді бала асырап алардың алдында, оны өз қамқорлығына алатын адамдар міндетті түрде тиісті дайындықтан өтуі керек. Өйткені, қазір байқап отырғанымыздай, бала асырап алғаннан кейін, олардың 10-11 пайызы қайтадан қайтып келіп жатады. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан осы институттарды қолдануымыз керек деп санаймыз», — деді ол.

Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде