jasqazaq.kz

Министр: Қытайдағы қазақтар «қайта оқыту» орталықтарынан босатылды

11 ақпан 2020, 16:17

Қытайдағы этникалық қазақтар «қайта оқыту» орталықтарынан босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

«Қайта оқыту» деген орталықтарда этникалық қазақтар болды. Бірақ былтыр біздің мемлекет басшымыз Қытайға барған кезде, ол елдің үкіметі этникалық қазақтар бұл орталықтардан шығарылғанын ресми түрде хабарлады», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Айтуынша, қазір Қазақстан Қытай билігімен этникалық қазақтардың мәселесі бойынша екі жақты деңгейде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы екі жылдың ішінде сыртқы істер министрлігіне Қазақстан азаматтарынан Шыңжаңда тұратын этникалық қазақтарға қатысты 5 мың өтініш түскен. Олардың барлығы қаралып, тиісті көмек көрсетілді, деп сендірді ол.

«Былтыр этникалық қазақтарға 43 мың виза берілді. Ол бір мәртелі емес, үш жылға тегін берілетін визалар. 2018 жылы біз тек 8 мың ғана берген едік. Өсім қандай екенін көріп тұрсыз ба? Этникалық қазақтар Қазақстанға көптеп келіп жатыр», — деді Тілеуберді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия